«Тоқтатыңыздар! Шоуға айналдырмаңыздар»: Марқұм фельдшердің күйеуі көпшілікке шұғыл үндеу жасады

04.12.2025 12:54 Мөлдір Талғат
«Тоқтатыңыздар! Шоуға айналдырмаңыздар»: Марқұм фельдшердің күйеуі көпшілікке шұғыл үндеу жасады
0
45
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Әділет пен Ұлдана

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмектесуге ұмтылып жүріп ауыр жараланып, көз жұмған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өлімінен кейін жұрт арасында түрлі жазбалар тарап, қайғылы оқиғаның хайпқа айналып бара жатқаны оның жүрегіне ауыр тиген.

Зейнет Әділет бұл жағдайға байланысты өз ренішін ашық жеткізді.

«Марқұм әйелім – хайп үшін пайдаланатын нысан емес. Онымен жақын болғандай жазбаға суреттерін жүктеуді тоқтатыңыздар. Лайк жинау немесе жасанды жанашырлық көрсету үшін оның есімін қолдануға сіздердің моральдық құқықтарыңыз жоқ. Біздің қайғымызды, оның қадір-қасиетін және отбасымызды құрметтеңіздер. Тоқтаңыздар» деп жазды ол.

Ол сондай-ақ Ұлдананы шынымен жақсы көрген, өмірінде болған адамдар ғана оның бейнесін жүрегінде сақтауы керектігін атап өтті.

«Оны шынымен танып, шын жүректен жақсы көрген жандар ғана оның бейнесін жүрегінде сақтасын, жасанды жазбаларда емес. Бұл сөзім бөгде адамдарға да, кейбір туыстарға да қатысты. Біреудің қасіретін шоуға айналдырмаңыздар» деді Зейнет Әділет.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий