Төреғали Төреәлінің жары сүйінші сұрады
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрап, отбасындағы үлкен қуанышты жаңалықты жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Толқынның айтуынша, тұңғыш қызы Кәусар бес жасына дейін Қытайда емделіп, бірнеше күрделі отаны бастан өткерген әрі содан бері түрлі оңалту шараларынан үздіксіз өтіп келеді.
Анасы соңғы екі ай бойы қызымен тынымсыз жаттығулар жасап, нәтижеге қол жеткізгенін тебірене жазды:
«Көп тілеуі көп болады демекші, сүйінші! Төрештің Кәусар қызы, тұңғышы Кәусар еңбектеді!» – деп бөлісті өнер иесінің жары.
Сондай-ақ Толқын қызының жаттығу кезінде қатты қиналғанына қарамастан, мойымай алға қадам басқанын айтып, оқырмандарына ақ тілегі үшін алғыс білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
17:42
Еңбек министрінің отбасы қай санатқа жататыны б...
16.10.2026
17:01
Жолбарыс, киік, итбалық және Конституция: Тоқае...
16.10.2026
17:00
«Ер адамның алдында бұралаңдап»: Желіде Мадина ...
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:56
Ақтөбедегі жарылыс: газ құю бекетінің иесі сотт...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...