Трамп: Егер «феноменальды» ұсыныстар түссе, тарифтерді азайтамын
Дональд Трамп өзге елдерге шарт қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп басқа мемлекеттерден «феноменальды» ұсыныстар келсе, тарифтерді азайтуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Air Force One ұшағында сөйлеген сөзінде Трамп өзінің тарифтік саясатын қорғаштап, биржалық дағдарысқа қарамастан оны келіссөздердегі артықшылық деп атады.
«Тарифтер бізге келіссөз жүргізуде үлкен мүмкіндік береді. Әр ел бізге қоңырау шалып жатыр», – деді ол.
Алайда Трамп жаңа кедендік баж салығы енгізілетінін де ескертті.
S&P 500 индексі бір күнде шамамен 2,5 триллион доллар жоғалтып, 5 пайызға дейін құлдырағанына қарамастан, президент өзінің стратегиясынан таймайтынын білдірді.
Трамп күн бойы шетелдік үкіметтермен және бизнес өкілдерімен байланыс орнатып, тарифтерді азайту жөнінде келіссөз жүргізгенін мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
17:42
Еңбек министрінің отбасы қай санатқа жататыны б...
16.10.2026
17:01
Жолбарыс, киік, итбалық және Конституция: Тоқае...
16.10.2026
17:00
«Ер адамның алдында бұралаңдап»: Желіде Мадина ...
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:56
Ақтөбедегі жарылыс: газ құю бекетінің иесі сотт...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...