Трамп: "Ресей мен Украина арасындағы соғыс - Байденнің соғысы, менікі емес"

Трамп:
15.04.2025 08:44
0
328
Трамп Байденнің Украина саясатын ашқашан сынап келеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында қазіргі қантөгісті Байденнің соғысы деп атады. Өз сөзінде Трамп 2020 жылғы сайлау нәтижелері бұрмаланбағанда, бұл соғыс мүлде болмас еді деп мәлімдеді.

— Ресей мен Украина арасындағы соғыс - бұл Байденнің соғысы, менікі емес. Мен енді ғана қызметке келдім. Бұған дейінгі төрт жылда мұндай соғыстың алдын алуға еш қиындық болмады. Президент Путин де, басқалар да сіздердің президенттеріңізді сыйлайтын. Мен бұл соғысқа еш қатысым жоқ, бірақ өлім мен қирауды тоқтату үшін бар күшімді салып жатырмын, — деді Трамп.

Ол сондай-ақ 2020 жылғы президенттік сайлауда бұрмалаушылықтар орын алғанын айтып, бұл жағдай қайғылы оқиғалардың басталуына түрткі болғанын алға тартты.

— Егер 2020 жылғы президенттік сайлау бұрмаланбағанда - ал ол нақты бұрмаланды, түрлі тәсілмен - бұл сұмдық соғыс ешқашан болмас еді. Президент Зеленский мен Жалған Джо Байден бұл трагедияға жол беру арқылы үлкен қателік жіберді. Оны тоқтатудың түрлі жолы болды. Бірақ бұл — өткеннің ісі. Енді мұның бәрін тоқтату қажет, әрі шұғыл түрде. Бұл өте қайғылы жағдай, — деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий