Трамптың бас дипломаты Қазақстанға келуі мүмкін

Трамптың бас дипломаты Қазақстанға келуі мүмкін
Фото: ҚР СІМ

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Politico.kz.

19 қазанда Самарқандта Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездесті.

Кездесу барысында Рубио Майамиде өтетін G20 саммитінен кейін Қазақстанға толық форматтағы сапармен келуге мүдделі екенін растады.

Екі елдің сыртқы істер министрлері сауда, инвестиция және экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар өзара тауар айналымын арттыруға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға америкалық инвестициялар мен жаңа технологияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Энергетика, маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастыққа да назар аударылды.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың 2025 жылғы қарашадағы кездесуінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселесі де қаралды.

Айта кетейік, G20 саммиті Майамиде осы жылдың 14-15 желтоқсанында өтеді.

Фото: ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу