Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
2024 жылдың басынан бері Қазақстан халқының саны 210 139 адамға артты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, табиғи өсім бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр: бұл аймақта халық саны 36 628 адамға өсті. Одан кейінгі орындарда Шымкент (20 348 адам) пен Астана (19 258 адам).
Жылдың алғашқы 10 айында елімізде 309 310 нәресте дүниеге келген. Туу көрсеткіші бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді.
Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстанда 110 867 адам қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға аз. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды. Бұл аталған өңірлердегі халықтың жас құрылымына байланысты.
2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 20 243 981 адамды құрайды.
Ақпарат cmn.kz сайтынан алынған.