Түркістан облысында бес немересі бар әже үшемді дүниеге әкелді
1399
Түркістан облысының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нурабаева жоспарлы кесарь тілігі арқылы үш ұлды дүниеге әкелді. Босану жүктіліктің 35-аптасында өтті.
Otyrar.kz мәліметінше, жаңа туған сәбилердің салмағы – 2265, 2435 және 2450 грамм. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен балалардың жағдайы тұрақты, бүгінде олар дәрігерлердің бақылауында үйде.
«Әрине, менің жасымда оңай болған жоқ. Бірақ сәбилерімді алғаш көрген сәтте барлық қорқынышым сейілді. Бұл – шексіз бақыт. Босану жоспарға сай өтті», – дейді көпбалалы ана.
Бұл – Орынкүлдің он бірінші босануы. Оның тұңғыш қызы – 26 жаста, ал ең кенже баласы 4 жаста. Сондай-ақ ол – бес немеренің әжесі. Тамыз айында дүниеге келген үш ұлға Аслан, Әлихан және Әлинұр есімдері берілді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
15:16
Бұрынғы министрдің күйеуі Ақтөбеде 60 млрд теңг...
08.10.2026
15:03
Астана көшелерінің бірінде есінен танып қалған ...
08.10.2026
14:34
Ресейдегі 14 қазақстандық елшілікке жеткізіле м...
08.10.2026
14:07
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті аурух...
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...