Түркістанда 8 айлық сәбидің ішінен ине табылды

24.01.2026 09:23 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Түркістанда 8 айлық сәбидің ішінен ине табылды
156
Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызылшаға күдікпен жеткізілген 8 айлық сәбидің іш қуысынан бөгде зат – ине анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Дәрігерлер жүргізген рентгенологиялық тексеру барысында баланың мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі жұқпалы аурудан емес, ағзаға түскен бөгде заттың салдарынан болғаны белгілі болды.

Медицина мамандарының айтуынша, ине баланың асқорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсы арқылы енген. Сәбидің анасы инені баланың жұтпағанын мәлімдеген.

Қалалық орталық аурухана мен балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп, шұғыл түрде ота жасап, қажетті ем-шараларды толық жүргізді. Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақталып, сауығу процесі оң динамика көрсетіп отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды ата-аналар үшін маңызды ескерту ретінде атап өтіп, балалардың қауіпсіздігіне аса мұқият болуға, тұрмыстық ұсақ әрі өткір заттарды олардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігін еске салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий