Түркістанда арсыздыққа барған дене шынықтыру мұғалімі сотталды

Түркістанда арсыздыққа барған дене шынықтыру мұғалімі сотталды
07.10.2025 16:46
0
206
Фото: mehmetakifarts

Түркістан облысында оқушыға азғындық жасаған дене шынықтыру мұғалімі сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы Түркістан соттарына сілтеме жасап.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқушыға қатысты азғындық әрекеттер жасады деп айыпталған дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты үкім шығарды.

Сот материалына сәйкес, Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген А. есімді азамат 2025 жылдың 20 қаңтарында өз автокөлігінде 2010 жылы туған оқушыға қатысты күш қолданбай, азғындық сипаттағы әрекеттер жасаған.

Сот отырысы барысында прокурор айыпталушыны кінәлі деп танып, оны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда, сотталушы өз кінәсін мойындамай, іс-әрекетін жеңілдеу бапқа ауыстыруды өтінген.

2025 жылдың 6 қазанында сот үкімімен А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий