"Түс көрдім": Елдос Колобок ұлының қалай дүниеге келгенін айтты

01.12.2025 16:56 Мөлдір Талғат
0
453
Фото: ашық дереккөз

Тоғыз жыл күтіп, биыл ұлды болған Елдос Колобок Аман Тасығанға берген сұхбатында осы қуанышты күнге қалай жеткенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогер қандай ем қолданғанын да жасырмай баяндады. Ол әуелде бала мәселесін бір жылдай қозғамағандарын айтады.

«Бала мәселесін бір жыл бойы қозғамағанбыз. Америкаға барып емделеміз, соған ақша жинайық деп жүргенбіз» дейді ол.

Алайда күтпеген түстен кейін жұбайымен бірге емді тағы бір рет қайталап көруге бел буған.

«Бір күні түсімде өз әкем мен қайын атамды көрдім. Екеуі де марқұм болып кеткен. Сол түсті жорып, келіншегіме тағы бір көрейік дедім. Сөйтіп Ләйлә Сұлтанқызына хабарластық. Астанаға баратын болып шештік. Тек бәрінің құпия болуын сұрадық» деп еске алды Елдос.

Ол барған мамандардың өз ісінің шебері екенін айтып, олардың берген үмітін де жеткізді.

«Бардық. Өзінің ісін шебер меңгерген адамдарға бардық. Ол кісілер “Біз Құдай емеспіз, әрекет жасаймыз. Алла қаласа болады” деді. Бірнеше айға дәрі жазып берді. Гормоналды дәрілер ғой. 28 күнде 13 кг қостым» дейді блогер.

Дәрігерлер оған операция жасалатынын айтқан. Елдос хирургтың кәсібилігіне ерекше тоқталды.

«Операция жасаймыз деді. Менен де жас жігіт. Бірақ білікті, небір профессорлардың алдын орап кететін маман екен. “Мен сізге операция жасап, ештеңе таппасам, сіз Америкаға да бармай-ақ қойыңыз. Сол жақтағы аппарат міне алдымызда тұр. Бұл жақта таппасақ, ол жақта да таппайды” деді» деп бөлісті ол.

Операциядан кейін көптен күткен сүйінші хабарды да естіген.

«Операциядан кейін көзімді ашқанда “Елдос мырза, сүйінші, сіз өзіңіз әке бола аласыз. Операция жақсы өтті” деді» дейді ол.

Алайда ем осымен аяқталмаған. Елдос әрі қарай да ұзақ емделгенін айтады.

«Әңгіме онымен бітпейді екен. Одан кейін де біраз емделдік. Қазаннан ақпанға дейін емделдік. Ақпанда Меккеге барып, жылап сұрап келдік. Сол кезде нәтиже болды. Бұдан кейін де балалы болуға мүмкіндік бар» деп қуанышын жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий