"Тұтқындаймыз": полиция атыраулық ерлі-зайыптыны өлтірген күдіктінің қайда екенін білетінін мәлімдеді

15.01.2026 14:51 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
689
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысы полициясы кісі өлтіруге күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаянның Қазақстан шекарасын Өзбекстан арқылы кесіп өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция дерегіне сәйкес, Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде ресми түрде іздестіріліп жатыр. Ал негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық “қызыл деңгейдегі” іздеу тізіміне енгізілген. Бұл мәртебе оған қай мемлекет аумағында болмасын, шекарадан өтуге әрекет жасаған сәтте, әуе немесе теміржол көлігіне мінгенде, не көпшілік орында анықталған жағдайда бірден ұстау міндетін жүктейді.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер Қазақстан аумағынан Өзбекстан арқылы шығып, кейін өзге мемлекеттерде байқалған.

«Біз олардың қазіргі орналасқан жерінен хабардармыз. Қазір халықаралық құқықтық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Жақын арада ұсталады деп күтілуде», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары Ақбаянның денсаулығында белгілі бір мәселелер бар екенін растады. Алайда ол заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектік туралы сот шешімі шығарылмаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий