"Туыстарының өзі түрін сипаттай алмады" - күдікті Сәрсемәлиев туралы сұмдық деректер

12.01.2026 14:46 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1083
Фото: коллаж politico.kz

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай YouTube-тегі «Алаш Орда» арнасына берген сұхбатында Атырау облысындағы резонансты оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, марқұмдардың ең жақын туыстарының өзі күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиевтің сырт келбеті мен мінез-құлқын нақты сипаттай алмай отыр. Бұл жайт істің күмәнді тұстарын одан әрі тереңдете түседі.

«Сұлтанның түрін бәріміз фотороботтан ғана көрдік. Ал Әсилә апайдың (марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы) айтуынша, ол ешқашан отбасылық отырыстарға қатыспаған. Алып қашып кеткеннен кейін құда болып бір-ақ рет келген, содан соң мүлде араласпаған», – дейді Гүлмира Әбіқай.

Журналистің сөзінше, марқұм Ақбаянның төркіні де қыздарының отбасына жақындай алмаған.

«Мен “Құдағиыңыз сіздерді кінәлап жатыр ғой” дегенде, Әсилә апай: “Біз барғымыз келетін, бірақ Ақбаянның өзі ‘келмеңдер, енем мен Сұлтан солай деді’ деп жолатпайтын. Қызымызды төртінші баласын босанғанда бір-ақ рет көрдік, ал бесінші баласын босанғанын мүлде көрмедік” деді», – деп жеткізді журналист.

Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, бұл отбасы өте томаға-тұйық, ешкіммен араласпайтын өмір салтын ұстанған. Сұлтанды туыстары тек бір рет көрген, ал басқа жиындарда ол не мүлде болмаған, не сыртта тұрып, төмен қарап амандасып, тез кетіп қалған.

«Туыстарының өзі оның бет-әлпетін толық сипаттай алмай отыр. Сұлтан туралы нақты ақпарат жоқ. 20 миллион халқы бар елде бірде-бір адам “мен оны танимын” деп шықпауы – өте күмәнді жағдай. Мұндай томаға-тұйық отбасына қатысты көршілер мен учаскелік полиция неге дер кезінде назар аудармады?» – дейді журналист.

Оның пікірінше, бұл деректер істің айналасында әлі де жауапсыз сұрақтар өте көп екенін көрсетеді және тергеу барысында қоғамды алаңдатқан күмәнді жайттарға нақты жауап берілуі тиіс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий