"Уақыт емдемейді": Баян Алагузова қайтыс болған әкесіне жазба арнады 

07.01.2025 14:41
0
95
видеодан скриншот

Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Алагузованың әкесі Мақсат Мұхитденовтің өмірден өткеніне екі жыл болды. Баян Алагузова әлеуметтік желіде марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

50 жастағы продюсер марқұм әкесінің рухын сіңлісінің орындауындағы әнмен еске алуды жөн көрді. Баян жазбасында Бағымның әншілік қабілеті ата-атасынан дарығанын атап өтті. 

"Сенсіз екі жыл да өтті. Уақыт емдемейді, көндігесің. Бағымның әні сен үшін, сенің соншалықты әдемі ән айту талантың оған ғана берілген", - деп жазды Алагузова. 

Баян Алагузованың қызы Айсәуле Бақытбек пен Баянның әпкесінің ұлы Айдар Асқарбек те әлеуметтік желідегі парақшаларында атасын еске алды. 

Айта кетейік, қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова жаңа жыл қарсаңында командасына ерекше мерекелік кеш ұйымдастырды. Желі қолданушылары дүбірлі шара кезінде бидің түсірген 50 жастағы продюсерге тәнті болған еді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или