"Ұл бала": Дариға Бадықова сүйінші жаңалығын жеткізді
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасында сәби өмірге келгенін хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, анасы немерелі болып, өзі інілі болған. Желіде ақжолтай жаңалықты бөліскен актриса сәбиге ақ тілегін жаудырды.
"Сүйінші! Мамам немерелі болды. Бадыков ӘмірАли өмірге келді! Аман-есен болсын! Дені сау болсын! Өмірің мәнді-сәнді болсын! Бай қуатты бол! Арлы бол! Намысты бол!", – деп қуанышымен бөлісті өнер иесі.
Сондай-ақ Дариға Бадықова нәрестеге өзі басқа есім ұсынғанын, бірақ отбасылық шешіммен басқа есім таңдалғанын атап өтті.
"Есімі Байкен болса деп едім, артымнан бір бай ерісін деп, үйде бір ришат қыз осы есімді қойды. Еее жарайды дедік", – деп жазды ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.10.2026
23:43
Астанада Tesla автокөлігімен соқтығысқан жүк кө...
19.10.2026
22:39
Абай облысындағы арнаулы орталықта ерекше балал...
19.10.2026
21:50
Қазақстан Pinduoduo мен Claude әзірлеушісінен 8...
19.10.2026
20:02
Оңтүстік Кореяда көлікке зақым келтіріп, жүргіз...
19.10.2026
17:42
Тоқаев Қорғаныс министрлігінің шығыны мен әскер...
19.10.2026
17:23
Ерекше балаларды қорлап, зорлық көрсеткен: Абай...