«Үлкен мәртебе»: Тоқаев екібастұздық полицейді марапаттады

07.03.2026 11:33 Арман Ермеков
«Үлкен мәртебе»: Тоқаев екібастұздық полицейді марапаттады
36
Фото: polisia.kz

Екібастұз қаласының аға тергеушісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік награда алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы полиция майоры Жаңылсын Сағадатқа «Жауынгерлік ерлігі үшін» марапатын табыстады.

Екібастұз полиция басқармасының тергеу бөлімінде ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тәртіп сақшысы бұл құрметке қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бірқатар қылмыстық істерді сәтті ашқаны үшін ие болды. Ол мектеп қабырғасында жүргенде құқық қорғаушылардың кәсіби бағдар беру кездесулеріне қатысып, осы салаға қызығушылық танытқан. Кейін Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясын тәмамдап, еңбек жолын ұрлық пен тонауға қарсы күрес бөлімінде бастаған.

«Мен үшін ел Президентінің қолынан мемлекеттік награда алу - үлкен мәртебе. Бұл тек менің еңбегімнің ғана емес, бүкіл ұжымымыздың жұмысына берілген баға. Ішкі істер органдарында күн сайын өз міндетін адал атқарып, азаматтардың құқықтарын қорғап, әділдікті қамтамасыз ететін жандар қызмет етеді. Маған қолдау көрсетіп, сенім білдірген басшылық пен әріптестеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта да заң мен қоғамға адал қызмет етемін», – деді Жаңылсын Сағадат.

Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергеновтің сөзінше, бұл марапат күн сайын халықтың тыныштығын күзететін барлық ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары баға.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий