«Ұлттық қор – балаларға»: өз ақшасын қазір 13 мың жасөспірім пайдаланып отыр
Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша шотына түскен қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім түскен, деп хабарлайды Politico.kz.
Еске сала кетсек, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша төлемдер биыл ақпан айында басталған болатын. Сол сәттен бастап 6,9 млн баланың шотына 100,05 доллардан аударым жүргізілді.
Жоба жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталған. Ал биыл сол қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім берілді десек, қазір соның 13 мыңы орындалып отыр.
Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы – 1,3 млн доллар. Енді осыдан кейінгі қаражат 2025 жылдың ақпан айында есептеледі. Бұл балалар мен олардың отбасына қосымша қолдауды қамтамасыз етеді.
Фото: Еркеғали Болатұлы
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...