Ұлттық құрылтай – ел болашағы үшін тарихи белес

Ұлттық құрылтай – ел болашағы үшін тарихи белес
13.03.2025 17:14
0
72
жеке мұрағат

14 наурыз күні Бурабайда Ұлттық құрылтайдың  IV отырысы өтеді. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде Ұлттық құрылтай – ұлттық даму мен бірегейлікті нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде қабылданып отыр. Ұлттық құрылтайға жүктеліп отырған жауапкершілік – мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның болашақ тағдырын айқындау.

Ертеңгі кездесуде көтерілетін тақырыптар мен қабылданатын шешімдер ел дамуының жаңа белестеріне жол ашады деген үміт зор. Қазақстан үшін тарихи кезеңге айналғалы отырған бұл құрылтайда ұлттық бірегейлік, әлеуметтік-экономикалық саясатты жетілдіру, саяси реформаларды жалғастыру және рухани жаңғыру сынды салмақты мәселелер талқыланады. Қоғамдағы түрлі пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынып, нақты қадамдар айқындалады деп күтілуде.

Осы жиында айтылатын ойлар мен бастамалар – бір күндік шара емес, ел ертеңінің мүддесіне қызмет ететін ортақ іске айналуға тиіс. Сондықтан Ұлттық құрылтай жұмысындағы ашықтық, өзара түсіністік пен жауапкершілік – баршамыздың ортақ мұратымыз.

Осы отырысқа қатысты белгілі саясаттанушы Әділ Сайлаубек пікір білдіріп, Ұлттық құрылтай – ел болашағы үшін тарихи белес екенін мәлімдеді:

Ертеңгі жиын – тек формалды кездесу емес, қоғам мен мемлекеттің бірлесе алға қадам жасайтын, нақты өзгерістерге жол ашатын алаң. Бүгінгі сессияларда көтерілген мәселелер бір нәрсені анық көрсетті: халықтың талап-тілегіне дер кезінде жауап беріп, әділет пен ашықтықты берік ұстанатын саяси жүйе ғана елді жаңа биіктерге жеткізеді. Сондықтан құрылтайда ұлттық бірегейлікті нығайту, әділетті заңнамалық реформаларды жалғастыру, әл-ауқатты арттыру, білім мен ғылымды дамыту, ұлттық дәстүрді дәріптеу, әрбір жас жеткіншектің, болашақ ұрпағымыздың дәстүрлі ұлттық құндылықтарын дамыту, әл-ауқатты арттыру, жастарға жол ашу, мәдени мұрамызды сақтау және азаматтық белсенділікті күшейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қоғамдағы әртүрлілік – әлсіздік емес, керісінше, күш-қуаттың, дамуға деген әлеуеттің көрінісі. Осы әлеуетті бір арнаға тоғыстыра білген жағдайда ғана Қазақстан жаһандық бәсекеде өз орнын нықтайды.

Саясаттанушының сөзінше, бұл құрылтай – ұран мен уәденің емес, нақты іс пен нәтижелі қадамның жиыны болуға тиіс.Біріншіден, бұл – халықтың үнін билікке жеткізетін маңызды құрал. Екіншіден, ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыратын ашық алаң. Үшіншіден, мұндай жиындар халықтың сенімін арттырып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Жарияланған бастамаларды шынайы жүзеге асыру, әр айтылған ұсыныс пен шешімнің ар жағында адам тағдыры мен мемлекет мүддесі жатқанын ұмытпау – ел болашағына деген зор жауапкершілік. Бүгін басталған жұмыс, ертеңгі ұрпақтың игілігіне айналсын, - деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий