"Ұлым өмір сүргім келеді деп жиі айтатын" - жүк көлігінің астына түсіп мерт болған баланың анасы

05.06.2026 17:23 Мөлдір ҚАЙНАР
291
Фото: Instagram / lilia_2408

Оның сөзінше, мұндай шешім қабылдауына жеке қайғысы мен тағы бір отбасының қайғысын терең түсінуі себеп болған, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қазір кінәлі іздейтін уақыт емес, оның да мәні жоқ. Мен ешкімге ашу, өкпе немесе кінә арта алмаймын. Өйткені жүрегім балама деген махаббатқа толы. Менің ойымша, жүргізуші шын мәнінде кінәлі емес», – деді ол Байрақ Media-ға берген сұхбатында.

Лилия Бадртдинова қайғылы оқиғадан кейін жүргізуші мен оның отбасы өздеріне арнайы келгенін айтты.

«Біз ол жүргізушімен кездестік. Ол бізге бүкіл отбасымен келді. Барлығы бізбен бірге жылап, болған жағдайға қатты өкінетіндерін жеткізді», – деді ол.

Марқұм баланың анасы жүргізушінің жақындарының да ауыр күй кешіп жатқанын жеткізді.

«Маған оның анасы үшін де ауыр. Бұл – оның анасының да қайғысы. Адамның өмірін қию оңай нәрсе емес. Әдейі болды ма, жоқ па, неге бұлай болғанын бір Алла біледі. Бірақ бұл жағдай олардың отбасына да ауыр соққы болды. Әрине, оларға да өте қиын», – деді ол.

Оның айтуынша, ешкімді айыптағысы да, кінәлі іздегісі де келмейді.

«Мен адамдардың ол үшін дұға еткенін қалаймын. Оны танып, жақсы сөзбен еске алса екен деймін. Сонда ол туралы жарқын естелік мәңгі сақталады», – деді Глебтің анасы.

Сұхбат барысында Лилия Бадртдинова ұлын еске түсіретін ерекше оқиғамен де бөлісті.

«Глеб бізге ақ көгершін болып келгендей болды. Сол күні кіші балам ерекше мазасызданып жүрді. Бір кезде ақ көгершін ұшып келді. Балам оны көргенде қатты қуанды, одан бақытты жан болмаған шығар. Біраз уақыттан кейін көгершін қайта ұшып кетті. Біз оны Глебтің бізге келген белгісіндей қабылдадық», – деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий