ҰҚК интернет алаяқтыққа қатысы бар Қытайдың 13 азаматын елден шығарды
Қазақстанда интернет арқылы алаяқтық жасаған 13 Қытай азаматы ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстанда заңсыз жүрген Қытайдың 13 азаматы ұсталып, елден шығарылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар халықаралық интернет алаяқтықпен айналысқан.
ҰҚК заңсыз көші-қонға қарсы іс-шаралар барысында шетелдіктерді анықтаған. Тексеру кезінде олардың Қазақстан аумағында интернет арқылы алаяқтық жасаудың жасырын схемасын ұйымдастырғаны белгілі болды.
Ұсталғандардан көптеген компьютер, ұялы телефон, «Starlink» спутниктік интернет жабдықтары табылды. Криптоәмияндардан ірі көлемдегі қаражат анықталды.
ҰҚК мәліметінше, топтың әрекеті Қазақстан азаматтарына емес, басқа елдердің тұрғындарына бағытталған. Олардың қызметі шетелден басқарылып отырған.
Тексеру Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі Қытайда осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды.
2026 жылғы 16 қазанда 13 Қытай азаматы әкімшілік тәртіппен Қазақстаннан шығарылды. Олар тергеуді жалғастыру үшін Қытайдың құзырлы органдарына тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар