ҰҚК Қызылордадағы судьяны тергеп жатыр

22.01.2026 16:06 Арман Ермеков
ҰҚК Қызылордадағы судьяны тергеп жатыр
3266
фото: «Тұран-Қазалы» газеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Нармағамбетұлы Әбдіхалықовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Politico.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "ҚазТАГ" ХАА-нің сауалына қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын қысқаша мәлімдеді.

Белгілі журналист Михаил Козачковтың дерегінше, арнайы қызмет өкілдері сот төрағасын биылғы жылдың 15 қаңтарында ұстаған. Әзірге құқық қорғау органдары оның әрекетін нақты қай баппен саралайтынын тергеу барысы анықтайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, судьяның үстінен 2024 жылы алаяқтық үшін істі болған азамат арыз түсірген. Тергеу нұсқасы сотталушының туыстары Дәурен Әбдіқалықовқа үкімді жеңілдету үшін 6 миллион теңге бергенін алға тартады. Осы қомақты қаржының арқасында қылмыскер шартты жаза алып құтылған көрінеді. Арада уақыт өткен соң, жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату мәселесін шешу үшін тағы 300 мың теңге аударылған деген ақпарат бар.

Бұл шулы істе Қазалы аудандық сотының тағы бір судьясы Серік Бертайдың есімі аталады. Тергеушілерде оған қатысты сұрақтар туындағанымен, судьяның қазір ауруханада ем қабылдап жатуына байланысты оны ұстау шарасы кейінге қалдырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий