Ұзатуда гүлді өз анасына берген күйеу жігіт адамдардың ашуына тиді
Желіде ұзату тойда гүл шоқтарын бірінші өз анасына берген күйеу жігіт қазақстандықтарға жақпай қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Көптің ашуына тиген күйеу жігіттің әрекеті түсірілген видео “sw.balzhan” Tiktok парақшасында жарияланды. Видео авторының айтуынша, ол ұлы гүл шоқтарын бірінші өзіне сыйлайды деп күтпеген.
“Қыз ұзатуда ұлымнан гүл күтпедім. Гүлді бірінші маған бергенде көзіме жас алдым”, – деп жазған ол.
Алайда күйеу жігіттің бұл әрекеті желідегі жұртқа жақпай қалды. Олардың сөзінше, күйеу жігіт гүлді бірінші қалыңдығының анасына сыйлауы қажет, өйткені олар қыздың қолын сұрап барып тұр.
“Болашақта балам осылай беріп тұрса, кіретін тесік таппай қалатын шығармын. Қызды сұрап барып тұрған соң, өтірік көзбояушылық істеудің қажеті жоқ. Үйінде қанша берсе де жарасады”, “Күндіз құдалыққа барып, қызға сырға салғанда да сырғаның бір жұбын бірінші сізге тақты ма?”, “Анасына гүл беретін басқа күн таппаған ба?”, “Негізі бірінші гүлді қыздың анасына беру керек, сосын ұл өзінің анасына, сосын қызға. Заңы солай, себебі ұл анасымен бірге қыздың қолын сұрап барып тұр. Қыздың анасына деген құрмет болуы қажет”, “Өте дұрыс емес, ерсі қылық. Бұл той аты айтып тұрғандай ұзату той. Қыздың анасына беруі керек еді”, “Мына жігітке күйеуге шығып, осы отбасыға келін болып түсетін қызға жанымның қалай ашып отырғанын жеткізе алмай отырғаным-ай”, “Мамасының баласы, оны әлі үйлендіріп керек емес”, “Қыз ұзатуда анасы есіне түсіп пе? Не енді осы?” – деп жазған олар.
Соңғы жаңалықтар