«ВД Строй-Инжиниринг» ісі: журналист кінәсін мойындады

22.05.2026 15:52 politico.kz
«ВД Строй-Инжиниринг» ісі: журналист кінәсін мойындады
9
фото: Freepik

Журналист «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясы мен оның басшысы Азамат Үсімбековке қатысты бұған дейін жарияланған ақпараттарға байланысты ресми мәлімдеме жасап, олардың шындыққа сәйкес келмейтінін мойындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәлімдемеде 2026 жылдың 20 ақпаны мен 7 наурызы аралығында жарияланған материалдарда тексерілмеген деректер қолданылғаны айтылған.

Атап айтқанда, жарияланымдарда компания Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысына қатысқан «Ремстрой-1» жұмысшыларына төлем жасамады деген ақпарат тараған. Кейін журналист бұл мәліметтердің жалған болғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, компания өкілдері қарыздың жоқ екенін растайтын құжаттарды көрсеткен. Соған қарамастан материалдар жариялана берген.

Мәлімдемеде журналист шынайылық, объективтілік және бейтараптық қағидаларын сақтамағанын атап өтті. Сондай-ақ «Масс-медиа туралы» заңда көрсетілген кәсіби талаптарды елемегенін жеткізді.

Ол мұндай әрекетке аудиторияның назарын аудару және әлеуметтік желідегі қызығушылықты арттыру ниеті себеп болғанын айтты.

Сонымен қатар жарияланған материалдардың компания мен оның құрылтайшыларының іскерлік беделіне нұқсан келтіргені мойындалып, ресми түрде кешірім сұралды. Оқырмандарды жаңылыстырғаны үшін де өкініш білдірілді.

Журналист жалған ақпарат таратуға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапкершілікті түсінетінін айтып, өз әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Сөз соңында ол әріптестерін ақпаратты мұқият тексеруге және журналистиканың кәсіби стандарттарын сақтауға шақырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий