Яссауи түсіме кіріп, зікірді үйретті - Айнұр Әбдірәсілқызы

Яссауи түсіме кіріп, зікірді үйретті - Айнұр Әбдірәсілқызы
11.03.2025 14:30
0
155
видеодан алынған кадр

Парапсихолог Айнұр Әбдірәсілқызы өзіне зікірді Қожа Ахмет Яссауи түсінде үйреткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Qasqa jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өмірінде көпшілік тылсым деп санайтын құбылыстар оған өте жақын, сондықтан бұл туралы көпшілікке сирек баяндайды. Дегенмен, "Яссауи баспалдақтары" атты парақшасында жарияланған 18 сағаттық эфирде ол кейбір тәжірибелерімен бөліскенін атап өтті. Ол өмір бойы әруақтардың рухани жетелеуін сезінгенін, пайғамбарды 12 рет түсінде көргенін және ишарат түстерін қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, белгілі ұлық әулиелердің қолдауы мен аяндарды алғанын және Қожа Ахмет Яссауидің зікірді үйреткенін де тілге тиек етті.

Айнұр Әбдірәсілқызы бұл ерекше түстерді бала кезінен көре бастағанын жеткізді. Оның айтуынша, 9 жасында алғашқы белгілерді байқап, өлең жаза бастаған. Ал 11 жасында нақты аяндар мен болашаққа қатысты көріністер көре бастаған. Бірақ бұл туралы көпшілікке ашып айтпағанын, тек анасымен бөліскенін жеткізді. Сондай-ақ, ол түс көру қабілеті әр адамға берілетін қасиет екенін сол кезден-ақ түсінгенін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий