«Заң бәріне бірдей ме?»: Ернар Айдардың жаңа көлігі желіде дау тудырды
Танымал әнші Ернар Айдар жаңа алған көлігін көрсеткен видеосынан кейін желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа темір тұлпарын таныстырып, жыл басын өзіне сыйлық жасаудан бастағанын айтты. Сонымен қатар тыңдармандарынан көрімдік сұрап, әзіл аралас жазба қалдырған.
«Ассалаумағалейкум баршаңызға! Жылдың басын өз-өзіме осылай сыйлық жасап бастадым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Баршаңызға жұғысты болсын. Kaspi нөмірімді білетіндер көрімдік жіберемін десе, қарсы емеспін», — деп жазды әнші.
Алайда бейнежазба желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады. Көпшілік видеода көліктің қос сызықты басып тұрғанын байқап, заңға қатысты сұрақ көтерді.
«Қос сызықты басып тұрғаныңыз қалай болды?», «Көрімдік емес, айыппұл алып қалмайсыз ба?», «Жұлдыздарға жол ережесін бұзуға рұқсат па, әлде заң тек қарапайым халыққа ғана жүре ме?» — деп жазды оқырмандар.
Желіде тараған видео әншінің әрекетіне қатысты қызу талқылауға себеп болды.
Соңғы жаңалықтар