Жамбылдағы инспектор Тоқаевқа қысым туралы айтып, үндеу жолдады

Жамбыл облысындағы көлік бақылау инспекторы Президентке үндеу жолдады
Жамбыл облысында көлік бақылау инспекторы Нұрсұлтан Булатбеков басшылық тарапынан қысымға ұшырағанын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жолдады.
Оның айтуынша, инспекция басшысы Ермекбаев Ерлан мен бөлім жетекшісі Қолымбет Ербол ұзақ уақыт бойы пара алу мен крышевать етуді әдетке айналдырған. Булатбеков олардың заңсыз әрекеттеріне қатысудан бас тартқаны үшін жүйелі қысым көріп келгенін айтады.
" Президентке және халқымызға ашық айтарым, бұл салада болып жатқан бассыздықтар шектен шықты. Инспекция басшылары пара алумен, заңсыз схемалармен айналысады. 2022 жылдан бері олардың қысымына төтеп беріп келемін, себебі бұл заңсыз әрекеттерге қосылуға келіспедім. 18 шілдеде тиісті органдарға ресми шағым жаздым, бірақ нәтиже жоқ. Барлық дәлелдер мен бейнежазбаларды көрсетемін", – деді ол бейнеүндеуінде.
Булатбековтың айтуынша, ол бұл мәселелерді бұған дейін ашық айта алмаған, алайда енді әділдік іздеуге бел буып отыр.
Дереккөз: Hola News
Соңғы жаңалықтар





