Жаңа фотоларын жариялаған Қайрат Нұртасты көпшілік отбасындағы қуанышымен құттықтады

Қазақ әншісі Қайрат Нұртастың бесінші рет әке атанатын сәті таяп қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Осыған орай ол әлеуметтік желіде жаңа фотоларын жариялады. Жанкүйерлері суреттерге пікір қалдырып, әншіні отбасысы толығуына байланысты құттықтады.
Суреттерде Қайрат көк жейде мен сұр түсті шорт киіп, далада үстел жанында және ғимарат фонында отырған сәттері бейнеленген. Ол әдеттегі имиджіне сай қара көзілдірік тағып алған.
Әнші суреттерге түсініктеме жазбағанымен, күлімдеген бейнесі оның көңіл-күйі көтеріңкі екенін байқатады.
Фанаттар пікір қалдырды:
"Аңыз адам", "Құттықтаймыз!", "Қайрат неге қартаймайды?", "Мен кішкентай кезімде де осындай еді", "Нөмір бірінші", "Сымбатты", "Сіз бесінші рет әке атанғалы жатыр екенсіз", "Тағы да жалғыз", "Балалар үйде" – деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар





