Жанәбіловтер соттан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде бой көрсетті
Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіге қайта оралды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жұп сот үкімінен кейін алғаш рет оқырмандарына үн қатып, отбасылық шарадан видео жариялаған. Жазбада олар соңғы айлардың өздері үшін ауыр өткенін айтқан.
«9 ай үнсіздік. 4 ай әлеуметтік желіден тыс өмір. Осы уақыт ішінде соттар, уайым мен отбасымызбен бірге өткерген қиын кезеңдер болды. Бірақ бүгін біз қайта оралып отырмыз», – делінген видео сипаттамасында.
Сондай-ақ блогерлер осы уақыт аралығында қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтқан.
«Жаңа күшпен, жаңа көзқараспен және бізге сенім білдірген жандарға үлкен алғыспен оралып отырмыз. Қолдауларыңыз бізге шынымен күш берді», – деп жазды жұп.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі отбасыға қолдау білдірсе, енді бірі өткен жағдайды еске алып, сын айтты.
Еске салайық, сәуір айының соңында Астана соты Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шығарған болатын.
Соңғы жаңалықтар