Жанболат пен Жазира Дубайдан мәлімдеме жасады
Танымал жұлдызды жұп Жанболат Бақытбеков пен Жазира Байырбекова Дубай қаласынан хабар таратып, жағдайлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әншілер демалыс мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне барған. Алайда Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты әуе рейстері тоқтатылып, елге қайта алмай қалған.
Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасады.
«Дайректке, WhatsApp-қа жазып жатқан туған-туыс, дос-жарандарға рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Ниеттеріңізге рақмет! Алла қаласа, жақсы күнде жолығамыз», – деді әнші.
Айта кетейік, Иран, АҚШ және Израиль арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты Дубайға қатынайтын бірқатар рейс уақытша тоқтатылған. Осыған байланысты демалысқа барған қазақстандықтар елге орала алмай отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...