«Жансақтау бөлімінде жатыр»: Ақсуда зауыттың үш қызметкерін күйік шалды
Ақсу ферроқорытпа зауытында үш қызметкерді күйік шалды. Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш қызметкер жұмыс барысында күйіп қалған. Зауыт өкілдері зардап шеккендердің жағдайын айтты.
"Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаториялық емдеуде", - делінген хабарламада.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды. Компания өкілдерінің айтуынша, қызметкерлерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...