«Жаным»: Қайрат Нұртастың жарына деген алғысы жұртты таңқалдырды

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ол жары Жұлдыз Әбдукәрімоваға алғысын білдірді. Ал актриса өміріндегі жақсы өзгерістерге ишара жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайрат Нұртастың сторисінде жарияланған видеода үстел үстінде тұрған екі тостаған – бірі құлпынайға, екіншісі шиеге толы екенін көруге болады.
"О, жаным Жұлдыз, саған рахмет", – дейді бейнежазба сыртында әнші, мұндай қамқорлық оны қуантқаны байқалады.
Ал осы арада Жұлдыздың жазылушылары оны әлеуметтік желіден көрмей қалған. Актриса оларды сабырға шақырып, бәрі жақсы екенін жеткізді.
"Қазір мен тыныштық әлеміндемін және осы күйден ләззат алып жатырмын", – деп жазды ол.
Алайда актрисаның біраз шаруаға шомып кеткені де белгілі болды.
"Сондықтан әлеуметтік желіден сәл тынығып алуға тура келді. Қазіргі сәтпен өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. Жақында өмірімдегі өзгерістер туралы айтып беремін. Сіздерге жақсы жаңалығым бар. Бірақ ол үшін біраз уақыт қажет, нәтижесіне 1000 пайыз сенімді болғанда бөлісемін", – деді Жұлдыз Әбдукәрімова.
Соңғы жаңалықтар





