"Жанымдай жақсы көремін": Жұлдыз Әбдікәрімова жүрекжарды жазба жариялады

16.01.2026 14:26 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
70
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қайрат Нұртас, Жұлдыз Әбдікәрімова

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде мамандығына деген шексіз махаббатын білдіріп, театр сахнасына қатысты естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесі театрды қатты сағынатынын айтып, әр жылдары сахнада бастан өткерген ауыр сәттерін еске алды. Актрисаның сөзінше, 2021 жылы Түркістан қаласында қойылған «Махаббат мұнарасы» спектаклі кезінде күрделі декорация салдарынан аяғын жарақаттап алған. Соған қарамастан, қойылымды соңына дейін ойнап шығып, келесі күні аяғын таңып алып қайта сахнаға шыққан.

Ал 2023 жылдың желтоқсанында Жетісайда өткен «Қара шекпен» қойылымы кезінде сахна еденінің ескі болуына байланысты құлап, жамбас сүйегін зақымдап алған. Жарақатына қарамастан, бірнеше күнге созылған премьераға толық қатысқанын айтты. 2024 жылдың қаңтарында Атырау қаласында «Махаббат қызық мол жылдар» спектаклі үш күн қатарынан аншлагпен өтті. Дәл сол уақытта актрисаның денсаулығы сыр беріп, басы қатты ауырғанына қарамастан, кейіпкердің ішкі жан дүниесін көрерменге жеткізу үшін сахнаға шыққан. Ал 2025 жылдың ақпанында Өскемендегі қойылым кезінде қатты аяздан үсіп қалып, сырқат күйде өнер көрсеткенін де жасырмады. Бұл сәтте актриса аяғы ауыр болғанын да атап өтті.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жағдайларды жанкештілік емес, өнерге деген адалдық деп бағалайды. Оның айтуынша, театр өмірінің ажырамас бөлігі.

«Өз мамандығымды жан-тәніммен жақсы көремін. Театр сахнасында шамам жеткенше қызмет ету мен үшін ең үлкен бақыт», — деп түйіндеді актриса.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий