«Жақсы адам емес»: Кісі қолынан өлген Нұрай Серікбайдың анасы сұмдық деректі айтты

18.01.2026 12:33 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жақсы адам емес»: Кісі қолынан өлген Нұрай Серікбайдың анасы сұмдық деректі айтты
0
422
видеодан кадр

Шымкентте сталкингтің құрбаны болған Нұрай Серікбайдың анасы журналистерге сұхбат беріп, оқиғаның көпшілікке беймәлім қырларын баяндады, деп хабарлайды Politico.kz

Анасының айтуынша, Нұрай қыркүйек айында оқуға кеткеннен кейін оның артынан Шерхан есімді жігіт барған. Ол сыйлықтар ұсынып, кездесіп жүруге ниет білдірген. Қыз сол кезде жігіттің суретін анасына жіберіп, өзіне «сөз салғанын» айтқан.

Бұл жағдайды Нұрайдың әкесі де білген. Ол жігіттің суретін ұлдарына көрсетіп, таныстарынан сұрастырады. Нәтижесінде, әлгі адамның «жақсы адам емес» екені анықталған. Осыдан кейін әкесі Нұрайға ол жігітпен мүлде кездеспеуді қатаң ескерткен. Қыз да жігітке үйдегілердің қарсы екенін айтып, араласуды доғарғанын жеткізген.

Алайда, анасының сөзінше, жігіт Нұрайдың шешімін елемей, қыр соңынан қалмай аңдыған. Бір күні оны алдап сыртқа шығарып, көлігіне отырғызған да, алып қашқан.

«Хабаршылар келгенде, күйеуім оларды үйден шығарып жібермек болды. Сол сәтте полиция шақыруға мәжбүр болдық. Кейін қызымның соңынан барып, оны полицияның көмегімен кері алып қайттық. Аудандық полиция бөліміне арыз жазып, алып қашқан жігітті жауапқа тартуды сұрадық», — дейді анасы.

Алайда арыздан кейін болған жайттар анасы үшін тіптен ауыр соққы болған. Оның айтуынша, полиция бөлімінде Нұрайды оңаша бөлмеге кіргізіп, қысым көрсеткен.

«Полицейлер қызымды “егер өз еркіммен келдім, тек үйдегілер қарсы болып, қайта алып кетті деп айтпасаң, мына жігіт 20 жылға сотталып кетеді, обал болады” деп үгіттеген», — дейді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий