Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
«Құрметті отандастар! Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады. Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар — біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды. Мен жас ұрпақ Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын нақты жүзеге асырып, «Адал азамат» тұжырымдамасының озық идеалдарына толық сай болады деп сенемін. Ол үшін біз бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіруіміз және оларды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулуымыз керек. Сондай-ақ төл тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеуге үйретуіміз қажет. Барлық бала ата-анасы мен жақындарын оқудағы, шығармашылық саладағы және спорттағы жетістіктерімен, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылысымен қуанта берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!» — делінген Президент құттықтауында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
22:19
Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан әуе кеңістігінен...
02.11.2026
20:58
Қазақстанда «Кек алушылар: Доктор Дум» фильміні...
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...