Жаркенттік әйел баласын батареяға байлап, аяусыз соққыға жыққан
Жетісу облысының Жаркент қаласында өз баласын батареяға байлап, бірнеше минут бойы ұрып-соққан әйелдің әрекеті қоғамды шошытты. Оқиғаның видеосын журналист Жанар Нұртазина Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Politico.kz
Видеодан шамамен 3–4 жастағы баланың шағын пәтердегі жылу батареясына қара жіппен байланғаны көрінеді. 30–35 жас шамасындағы әйел қорғансыз баланы тепкілеп, ұрып, ауыр сөздер айтқан. Кадрда пәтерде тағы үш баланың жүргені байқалады. Зорлық көрінісін біреу телефонға түсіріп отырған.
Журналистің айтуынша, видеоны баланың әкесі жолдаған, ал соққы көрсеткен - сол баланың анасы.
Нұртазина бұл деректерді тиісті органдарға жолдағанын, сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваға жазған.
«Отбасын тексеріп, балалардың жағдайын бақылауға алуды сұраймын. Қажет болса, қосымша ақпарат бар», — деді ол.
Соңғы жаңалықтар