«Жартысынан көбі өзінің пәнін білмейді»: Смирнова мұғалімдердің біліктілігін сынады

26.11.2025 17:18 Мөлдір Талғат
«Жартысынан көбі өзінің пәнін білмейді»: Смирнова мұғалімдердің біліктілігін сынады
0
446
Фото:kursiv.media\ Асқар Ахметуллин. Суретте: депутат Смирнова

Қазақстанда мектеп мұғалімдерінің жартысынан көбі өз пәні бойынша тестілеуден өте алмады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова QAIMAQ YouTube каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеп.

Ол көпжылдық мемлекеттік біліктілікті арттыру бағдарламаларына қарамастан, педагогтарды даярлау мен біліктілігі бойынша орын алып отырған жүйелі проблемаларды көтерді.

Смирнованың айтуынша, мұғалім оқытып жүрген пәнін меңгергені үшін өзі жауап беруі тиіс және қажет болған жағдайда білімін жетілдіруге мүмкіндіктерді өз бетінше қарастыруы керек. 

«Мен мұғалімдерге өз пәнін оқытудың мүлдем қажеті жоқ деп санаймын. Егер мұғалім, мысалы, өзін биологпын деп атайтын болса, онда өз пәні бойынша білетінін-білмейтініне өзі жауап береді. Бұл – мемлекеттің, әкімдіктің немесе курстың емес, тікелей мұғалімнің міндеті», – деді депутат.

Ол кәсіби дайындық үшін жауапкершілік ең алдымен мұғалімнің өзіне жүктелетінін атап өтті. 

«Мұғалім өзі барып, үйренуі керек, білім алатын жерді өзі іздеуі керек. Бірақ бізде бәрі керісінше, мұғалімдерге өз пәндерін қайта оқытамыз. Егер мұғалім өз пәнін білмесе және оны оқуға ұмтылмаса, онда бұл мүлдем басқа мәселе», – деп атап өтті ол.

Сұхбат барысында Смирнова елеулі алаңдаушылық тудыратын мәліметтерді келтірді. 

«Біздің мұғалімдердің 56 пайызы өз пәні бойынша тест тапсыра алмаған. Басқа пән емес, өзі оқытып жүрген пән бойынша», – деді ол. 

Журналистің: «Сонда бұл мұғалімдердің жартысы ма?» деп нақтылап қойған сұрағына депутат: «Иә, 56 пайыз, тіпті жартысынан көбі», - деп жауап берді.

Смирнова «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтына ресми сұраныс жібергенін айтты. Оның айтуынша, ұйымда барлық қажетті ресурстар бар, бірақ атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі күмән туғызады. 

«Бұл біліктілікті арттыру институтының өз ғимараттары, көліктері бар, қаржыландырылып тұрады. Мемлекет оны барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етеді. Мемлекет дегеніміз – сіз бен біз, яғни салық төлеушілер. Біз бұл институттан ақша аяп жатқан жоқпыз. Өйткені біз барлық мұғалімдердің сол жерде оқып, білім алуына мүдделіміз», – деді Смирнова.

Оның айтуынша, мұғалімдер бірнеше рет түрлі курстардан өткен, бірақ білім сапасы бәрібір төмендей түсуде. 

«Курстардан жүз рет өтті. Педагогика бойынша да, пән бойынша да. Мұның бәрін мемлекет есебінен өтті. Ал нәтижесі қайда?» – деп сұрады ол.

Смирнова халықаралық зерттеулер де, ішкі қазақстандық зерттеулер де жағдайдың нашарлап кеткенін растап отырғанын атап өтті. 

«Міне, халықаралық зерттеулер жүріп жатыр, олардың барына шүкір. Білім сапасының төмендеп кеткенін көрсетіп тұрған сол зерттеулер. Біздің МОДО, білім беру жетістіктерін ішкі зерттеу, білім сапасының төмендеп бара жатқанын көрсетуде. Біз өзімізбен өзіміз құлдырап барамыз», – деп атап өтті Смирнова.

Депутат мұғалімнің кәсіби дайындығы жоғары болғанда ғана оның қызметіне құрмет көрсетуді талап етуген болатынын айтты. 

«Кешіріп қойыңыз. Егер сіз өз пәніңізді білмесеңіз, барып оқып үйреніп келіңіз», – деді ол.

Сұхбат қоғамда қазақстандық мектептің нақты жағдайы және педагогтарды даярлау жүйесінің тиімділігі туралы қызу пікірталас тудырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий