«Жастар тым сезімтал»: Ант қабылдап тұрған курсанттар аналарын көріп егіліп жылаған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде ант беру рәсімінде көзіне жас алған болашақ полиция қызметкерлерінің бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр. Бұл - Қостанай академиясының бірінші курс курсанттары, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Көріністерден жас жігіттер ата-анасымен қауышқан сәтінде көзіне жас алғанын байқауға болады. Сап түзеп тұрған курсанттарды аналары құшақтап, маңдайынан сүйіп жатыр.
Желіде тараған бейнематериалға жұртшылық түрлі пікір білдіруде. Бірі – ел қорғауға бел буған жігіттердің жылағанына сын айтса, енді бірі – мұны қуаныштың көз жасы деп қабылдаған.
«Неге жылайды, өзі таңдаған мамандық емес пе? Қазіргі жастар тым сезімтал болып кеткен бе», – деп жазғандар бар.
«Керісінше, біз оқыған кезде ата-анамызға мақтанышпен қарайтын едік», – дегендер де табылды.
«Жүрегі елжіреп, анасын сағынған ғой», «Курсанттар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, анасы баласын күнде көре бермейді», «Адал қызмет етіп, ел қорғаны болыңдар», – деп кебірі жылы лебіз қалдырған.
Соңғы жаңалықтар





