Желіде 500 мың теңгеге қуыршақ сатқан адам анықталды: Полиция мән-жайды түсіндірді
1123
Әлеуметтік желіде 500 мың теңгеге қуыршақ сату туралы тараған хабарландыру көпшілік арасында күмән тудырып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ойыншықтың тым қымбат бағалануы кейбір желі қолданушыларының арасында «қуыршақтың атымен жаңа туған сәбилер сатылып жатуы мүмкін» деген күдік ұялатқан. Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп, хабарландыруды жариялаған азаматтың жеке басын анықтады.
«Ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Сонымен қатар оның адам саудасына, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар екендігі туралы ешқандай дәлел табылмады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осылайша, құзырлы органдар хабарландыру авторының бала саудасына ешқандай қатысы жоқ екенін және таралған күмәнді ақпараттың негізсіз екенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
17:22
Онлайн жиында темекі шеккен мәслихат төрағасына...
15.09.2026
17:09
Санжар Боқаевқа қатысты соттың басталатын күні ...
15.09.2026
17:02
«3 жылға қамалуы мүмкін»: Прокурор Нұрсұлтан Жа...
15.09.2026
17:02
Құлсарыда су тасқынынан кейін салынған 100 үйге...
15.09.2026
16:18
Семейде сотталған ер адам өзін 6 жыл күткен сүй...
15.09.2026
16:14
«Бір өліп, бір тірілдім»: Аша Матай депутаттыққ...