«Жер кері айналып, адам ойымен сөйлейді»: Жанат Бақыт тағы да елдің үрейін ұшырды

09.12.2025 13:15 Айсұлу Мұрат
«Жер кері айналып, адам ойымен сөйлейді»: Жанат Бақыт тағы да елдің үрейін ұшырды
0
61
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жанат Бақыт

Бұрынғы тележурналист, бүгінде тылсым пайымдары мен тосын болжамдары арқылы желіні дүрліктіріп жүрген Жанат Бақыт тікелей эфирде тағы да жұртты шошытатын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Оның айтуынша, жақын жылдары адамзат үйренген өмір түбегейлі өзгереді. Тіпті Жердің өзі теріс айналмақ.

«Материалдық дүниеге байланғаны аз адамдар қазірдің өзінде басқа өлшемде өмір сүріп жүр. Олар уақыт келгенде денесін тастап кете береді дейді. Адамдарға жол көрсететін жолсеріктер болады. 2028, 2036 және 2037 жылдардың соңында Жер теріс айналады. Мұхиттар кері ағады», – дейді ол нақты даталарды атап.

Жанат Бақыттың сөзінше, бұл апат емес, керісінше “тазарту кезеңі”. Осы өзгерістерден кейін жер бетінде мамыражай өмір басталады.

«Одан кейін жерде “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” заман орнайды. Ал 2050 жылы қорқыныш, қызғаныш, аяқтан шалатын ниет мүлде жоғалады. Жер толықтай тазарады. Адам адаммен сөйлеспейді, барлығымыз ой арқылы байланысамыз. Адам Құдай сипатты деңгейге көтеріледі деген ақпарат бар», – деді ол.

Дегенмен, бұл күйге жеткенге дейін адамзаттың ауыр кезеңнен өтетінін де жасырмады.

«Оған дейін екі әлемнің арасында шайқалып жүреміз. Бұл – оңай процесс емес», – деп ескертті ол.

Сонымен қатар Жанат Бақыт ата-текке қатысты да көпшілікке тосын болжам айтты. Оның сөзінше, адамзат ұзақ уақыт патриархал жүйеге сүйеніп келген, ал енді аналық тектің дәуірі келе жатыр.

«Әке жақтың ата-тегі енді қадам шегінеді. Ана жақтың тегі алдыңғы орынға шығады. Алғашқы жолдауды да ана жағы береді. “Баланың жақсысы – нағашыдан” деген сөз бекер айтылмаған сияқты», – деді ол.

Желі қолданушылары бұл пікірлерді бірі рухани жаңғыру, енді бірі ашық мистификация деп бағалап жатыр. Ал Жанат Бақыттың тікелей эфирдегі әр сөзі жұртты ойландырып қана қоймай, үрейлендіре де бастады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий