Жігер Ауыпбаев өнерден алыстап, суицид жасамақ болғанын айтты

Жігер Ауыпбаев өнерден алыстап, суицид жасамақ болғанын айтты
02.05.2025 12:32
0
486
ашық дереккөз

Бірер күн бұрын Жігер Ауыпбаев екінші рет үйленіп жатқанын мәлімдеп, беташар той жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Әнші өнер жолындағы үзілістен кейін тыңдармандарына ерекше жаңалығымен оралды. Ол өнердегі әріптестерін жинап, той түрінде ұйымдастырылған шараны пранк ретінде жариялап, жаңа әнінің тұсауын кесті. Бұл қадам арқылы ол тек шығармашылық жаңалығымен бөлісіп қана қоймай, өміріндегі маңызды өзгерістерді де ашық айтты.

Анна Данченкоға берген сұхбатында әнші соңғы үш жылда басынан өткен қиындықтар жайлы шын ниетімен баяндады. Оның айтуынша, осы кезеңде ол өзін өнерден алшақтап, тіпті қоғамнан оқшауланып кеткен. Бұған басты себеп – өзіне жасалған сиқырлық әрекеттер. Әнші мұндай кедергілердің денсаулығына әсер еткенін, тіпті белсіздікке бағытталған сиқыр салдарына байланысты түрлі ем-дом шараларын қабылдағанын жасырмады. Умра сапарлары мен дем салдыру арқылы рухани әрі физикалық сауығуға тырысқанын атап өтті.

“Халық бұл пранкты қалай қабылдайды, білмеймін. Мақтаса — мақтай берсін, жамандаса — жамандай берсін. Бұл — менің өмірім”, — дейді ол. Осы сөздері арқылы әнші өз тағдырын ашық қабылдап, қоғам пікірінен жоғары тұруға тырысатынын білдірді. Бұған қоса, бұрынғыдай сұхбат бермегенін, ән жазылғанымен, ішкі күйзелістен шығармашылықпен айналысуға зауқы болмағанын айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий