Жұлдыз Әбдікәрімова соттасайын деп жатқанын мәлімдеді
2149
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жақында соттасайын деп жатқанын айтты.
Айтуынша, сотқа берейін деп жатқан адам ұзақ уақыт бойы достасып, сырын біліп, алдап келген көрінеді.
Ол кездер мен үшін сынақты күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай, басымды тауға да, тасқа да соғып жүргенмін. Сөйтіп сенделіп жүргенде күндей жарқ етіп, алдымнан бір кісі шықты. Бәлкім менің құтқарушым осы болар деген ой жылт етті. Содан ол адам іші-бауырыма кіріп, мұңымды тыңдап, сырымды біліп, үйімнен талай ас ішті. Сөйтсем, оның өз жоспары болған екен. Адамның аласы – ішінде, малдың аласы –сыртында, – деп жазды актриса.Сонымен қатар «жақын адамы» сеніміне кіріп, оған бірнеше құжатқа қол қойдырып алған.
Қит етсе халімді сұрап, менің басымдағы проблемамды өзінікіндей көріп, «уайымдап» жүрді. Мен ештеңеден хабарым болмай, Жаратқанға алғыс айтумен болдым. Қысқасы, қасымда жарты жыл жүріп, мендегі бар құнды дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе, сотта кездесеміз. Егер оқырманым сұраса, соттың ашық түрде, ел алдында онлайн трансляциялануын талап етемін. Сотта оқиға бүге-шүгесіне дейін айтылады. Әділ өтеріне сенемін. Ол адаммен 2 жыл бойы телефонмен сөйлескен әңгіменің барлығы заңды түрде іске енді, – деп мәлімдеді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
17:28
Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі...
13.10.2026
17:18
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті
13.10.2026
17:13
«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күт...
13.10.2026
17:02
Қазақстанда шошқа тұмауының 5 жағдайы тіркелді:...
13.10.2026
16:43
Әнипа Назарбаева ел алдындағы берешегін азайтты
13.10.2026
16:29
Қостанай облысында жол жиегінен әйелдің мәйіті ...