Жұмыстан қуылған басшы жалақысы мен қызметін сот арқылы талап етуде

01.05.2026 23:19 Қарақат АСЫЛОВА
Жұмыстан қуылған басшы жалақысы мен қызметін сот арқылы талап етуде
19
Бұрынғы директор әділдік іздеп сотқа жүгінді

Бұрын «Жедел әрекет ету жасағы» орман және аңшылық шаруашылығының директоры болған Жаркин Абильмажинов өзіне қатысты шығарылған жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жоюды талап етіп, сотқа шағымданды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол бұған дейін казиноға барғаны үшін қызметінен босатылған еді.

Іс материалдарына сәйкес, Абильмажинов Акмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарсы арыз түсірген. Ол соттан: Жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тануды, бұрынғы қызметіне қайта орналастыруды және мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін жалақы өндіріп беруді сұрап отыр.

Көкшетау қалалық сотының судьясы Ақмарал Жумабекова істі экстерриториялық соттылық тәртібімен Ақтөбе облысындағы Әйтеке би аудандық сотына жолдаған. Бұл шешім жауапкер тараптың келісімімен қабылданған.

Сонымен қатар, Әйтеке би аудандық сотының төрағасы Талғатбек Бертанов бұрын Ақмола облысындағы Ерейментау аудандық сотында қызмет атқарғаны белгілі болды.

Іс алдағы уақытта Ақтөбе облысында қаралатын болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий