"Жүрек сыздайды": Бағдат Әшімова марқұм Асанәлі Әшімовке арнап жылы видео жариялады

13.01.2026 • 16:41 Мөлдір ҚАЙНАР
2209
Фото: ашық дереккөз

Марқұм актер Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде сағынышқа толы жазбасын жариялап, жұбайын еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Instagram парақшасында марқұм жарымен байланысты видеоны бөлісіп, қысқа да нұсқа жазба қалдырды. Бағдат Әшімова жүрек түкпіріндегі сағынышын жасырмай, жұбайына арнаған дұғасын жария етті.

«Сағыныш… Жүрек сыздайды. Жарқын жүзіңді сағындым. Алла пейіштің төрінен орын берсін», – деп жазды ол.

Жазба көп ұзамай желі қолданушылары арасында кең таралып, көпшілік марқұм актердің рухына дұға бағыштап, отбасы мен жақындарына қолдау білдірді.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий