Журналист Дәулет Ізтілеуов қайтыс болды
1837
Журналист Дәулет Ізтілеуов қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы соңғы жылдары Ізтілеуов еңбек еткен «Қазинформ» агенттігі хабарлады.
Журналист ұзаққа созылған сырқаттың салдарынан дүниеден өтті. Ол 41 жаста еді.
«Біз Дәулет Амангелдіұлы Ізтілеуов денсаулығын түзеп, жақын арада қайта ортамызға оралады деп үміттендік. Алайда ол үмітіміз ақталмады. Біз оны кәсіби, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол, өз ұстанымына адал журналист ретінде білдік. Ол әрдайым көңілді, өмірсүйгіш, айналасына бейжай қарамайтын жан еді», – деп жазды агенттік өкілдері.
Агенттік ұжымы Дәулет Ізтілеуовтің жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...