«Жылап тұрып хабарлама жіберген»: Атыраудағы қанды іс бойынша жаңа мәлімет айтылды

29.05.2026 10:47 Мөлдір Қайнар
«Жылап тұрып хабарлама жіберген»: Атыраудағы қанды іс бойынша жаңа мәлімет айтылды
2014
Фото: tengrinews.kz

Атырауда бір отбасыны өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сот отырысында марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның туған інісі Тілекқабыл Өтешқалиев куәлік берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Stan.kz ақпарат порталының мәліметінше, Атырауда бір отбасыны өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сот отырысында марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның туған інісі Тілекқабыл Өтешқалиев куәлік бердіСотта марқұмдардың туысы куәгер ретінде жауап алынды. Оның айтуынша, Сұлтан Сәрсемалиевті алғаш рет жиені Ақбаянды алып қашып кеткеннен кейін көрген.

«Мен оны алғаш рет жиенім Ақбаянды алып қашып кеткен кезде көрдім. Кейін олар өздері біздің үйге келді. Сол кезде ғана көрдім. Екінші рет сотта көріп отырмын. Ешқандай жанжал болған жоқ. Мен оны танымаймын, сотқа дейін тек бір-ақ рет көрдім, оның ата-анасын ғана білемін», – деді куәгер.

Жауап алу барысында куәгер Мақсот Қарабалин, Нәсіп Өтешқалиева, Наурыз Мұқанғалиев және Мейрамгүл Қарабалинамен болған соңғы байланыстары туралы айтып берді. Оның сөзінше, қыркүйек айында Мақсот Қарабалинмен WhatsApp арқылы және телефонмен сөйлесіп тұрған, алайда кейін байланыс үзілген.

Куәгердің айтуынша, туыстары соңғы рет 2025 жылдың 19 қыркүйегінде Атырауға барған. Ал Мақсот Қарабалин сол кезде ауылда қалып, шаруашылықтағы малға қараған.

Сотта Нәсіп Өтешқалиеваның атынан 7 қараша күні жіберілген аудиохабарламаға ерекше назар аударылды. Бұған дейін сотта марқұм әйелдің 4 қарашада көз жұмғаны айтылған болатын.

«Мен онымен соңғы рет аудиохабарлама арқылы сөйлестім. 1 қарашада ол хабарласып, хал-жағдайымызды сұрады. Кейін 7 қараша, жұма күні одан дауыстық хабарлама келді. Ол жылап тұрып, жағдайымыздың қалай екенін сұрады. Осыдан кейін сөйлеспедік», – деді куәгер.

Сотта куәгерден Нәсіп Өтешқалиева 4 қарашада қайтыс болған болса, 7 қарашада оның атынан аудиохабарламаны кім жібергені сұралды.

«Наурыздың телефонынан әпкем Нәсіптің дауыстық хабарламасы келді. Біздің ойымызша, телефондарды бір-біріне жақындатып, алдын ала жазылған аудионы жіберген болуы мүмкін», – деп түсіндірді ол.

Куәгердің айтуынша, осыдан кейін отбасы мүшелерімен байланыс толық үзілген. Ал олардың малы сатылып жатқаны туралы ақпарат тараған соң туыстары іздеу жұмыстарын бастаған.

Войдите, чтобы оставить комментарий