"Жыласаң ұрамын": Қызын аяусыз сабаған әкенің әрекеті жаға ұстатты

19.12.2024 13:02
0
231

Әлеуметтік желіде кішкентай қызын таяқпен қорқытқан 41 жастағы қырғыз азаматының әрекеті жұрттың үрейін тудырды, деп хабарлайды  POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Видеоны журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.

Ер адам өзі ұрып-соғып қуып жіберген әйелін үйіне қайтару мақсатында қоқаң-лоқы көрсетіп, «келмесең қызды ұрамын» деп видео жолдаған.

Бейнежазбадан өз перзентін аяусыз ұрып жатқан ер адамның кішкентай қызға «жылама, жыласаң ұрамын» деп бірнеше мәрте ескерту жасағанын да анық байқауға болады.

«Біртуған қазақ пен қырғыз қатыгездік, зорлық-зомбылық жағынан бір-бірінен қалысар емес. Қырғызстанда да әйелді өлімші етіп сабау, құлақ-мұрнын кесіп алу, ұрып өлтіру үдеп келеді. Енді тирандар өзінің туған қыздарына көшті.

«Біртуған қазақ пен қырғыз қатыгездік, зорлық-зомбылық жағынан бір-бірінен қалысар емес. Қырғызстанда да әйелді өлімші етіп сабау, құлақ-мұрнын кесіп алу, ұрып өлтіру үдеп келеді. Енді тирандар өзінің туған қыздарына көшті.

Оқиға көрші елдің Ноокен аумағында болған. Әйелін ұрып-соғып қуып жіберген мына әкесымақ қайтпасаң қызды ұрамын деп қоқан-лоқы жасап видео жіберген. Полиция 41 жастағы еркекті қамағанын естіп уһ дедім. Бұл видеода мына кішкентай қыздың бауырын аядым. Шамамен, 8-9 жасар ұл бала іштей тістеніп, әкесіне қой деуге бата алмай, жастықты бетіне жауып, бүк түсіп артында жатыр», — деп жазды журналист.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий