Астана оқушылары арасында «Бұрымды қыз» челленджі басталды

0
241

Астана қаласының білім басқармасы Instagram-дағы парақшасында «Бұрымды қыз» челленджін бастады.

Арнайы түсірілген видеода оқушы қыздар шашын әдемілеп өріп, оған күміс шашбау тағады. Челлендждің басты мақсаты – жас қыздарды әдемілік пен сымбаттылыққа, тәрбиеге баулу.

Челленджді қолдағандар қатарында №81 Astana English school халықаралық мектебінің оқушылары да бар. Олар желі қолданушыларын өрілген әдемі шашымен қуантып, ою-өрнектері бар ұлттық шаш бұйымдарын көрсетті.

Челленджге түрлі ұлт өкілдері қатысты.



ПІКІР ЖАЗУ