Астанада көшеден 53 жастағы адамның денесі табылды
Астана көшелерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 20 тамызда сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінен пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасы барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды, – делінген ресми хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: ІІМ