Астанадағы тұрғын үй кешенінен жылан шықты

0
87

ТЖМ құтқарушылары екі жыланды ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бірінші оқиға Астана қаласының Сарыарқа ауданында тіркелді. Ондағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары жыланға аула аумағында тап болған.

Екінші оқиға Шымкент қаласының Еңбекші ауданында үй аулаларының бірінде болды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жою үшін жыландарды бөтелкеге салып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Жыланға тап болған кезде қауіпсіз қашықтыққа шегініп, құтқарушыларды шақыру қажет, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Фото: ТЖМ



ПІКІР ЖАЗУ