Атақты Comedy Club бағдарламасы жабылатын болды

0
45

19 жыл бойы эфирде болған атақты ресейлік Comedy Club әзіл шоуы жабылады. Бұл туралы «Газпром-Медиа Холдинг» хабарлады.

Comedy Club жабылады. Телевизиялық эфирде 20 маусым, 800-ден аса түпнұсқа шығарылым, 2 ТЭФИ сыйлығы, 1 500 стендап, 4 мың миниатюра, әлемнің жүздеген қаласында 10 мың концерт – осындай көрсеткіштермен Comedy Club өзінің тағдырлы соңғы шығарылымына келіп отыр. Соңғы бағдарлама 20 қыркүйекте сағат 21:00-де эфирге шығады. Бағдарлама резидент, жүргізуші және аңызға айналған шоудың креатив продюсері Гарик Харламовтың ресми мәлімдемесінен басталады, – делінген «Газпром-Медиа Холдинг» баспасөз қызметінің Telegram-дағы хабарламасында.

Сонымен қатар холдингтің баспасөз қызметі жүргізушінің мәлімдемесін де келтірген.

Құрметті достар, бүгін біз сіздерге шын мәнінде маңызды жаңалықты хабарлаймыз. Біз Comedy Club жабылатынын растаймыз, – деді жүргізуші және Comedy Club креатив продюсері Гарик Харламов.

Жобаға қош айтысуға «Женский стендап» шоуының жұлдыздары, тележүргізуші Дмитрий Дибров, актриса Наталья Бочкарева, «Однажды в России» шоуының актерлері Азамат Мұсағалиев, Денис Дорохов, Яна Кошкина, клубтың бұрынғы резиденті және Okko продюсері Гавриил Гордеев, сондай-ақ Comedy Club бас продюсері Артур Джанибекян келеді. Актриса және телевидение жүргізушісі Юлия Меньшова клубтың резиденттерінен сахнада қоштасу сұхбатын алады.



ПІКІР ЖАЗУ