Әтешова Әйтеновтің әкесінен қалған үйге енді жармаса алмайды

0
199

Жоғарғы сот Дана Әтешоваға қатысты істің барлық материалдарын зерттей келе, мүлік Марат Әйтенов пен оның бұрынғы зайыбының некесіне дейін алынғанын анықтап, Әтешованың өтінішін қараудан бас тартты.

Өтініште Әтешова үйдің неке кезінде ерлі-зайыптының «ортақ қаражатына сатып алынғанын» айтқан болатын. Бұған дейін Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты мен азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл мәлімдемелердің сәйкес еместігін айтты.

Енді Жоғарғы сот «жыр» болған үйге қатысты нақты нүкте қойды. Судья Разия Қуанышбаева бұл шешімдерді қайта қарауға негіз таппай, адвокат Әтешованың өтінішін кассациялық алқаға беруден бас тартты. Яғни, үй бұрынғы қожайындарында қалады. Оған Дана Әтешованың түк қатысы жоқ. Орынсыз талап қоя алмайды.

Еске сала кетсек, Дана Әтешова әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, өзі мен 3 баласын Марат Әйтеновтің «ортақ қаражатқа сатып алған» үйінен күштеп шығарғанын көрсеткен болатын.

Фото: видеодан скриншот



ПІКІР ЖАЗУ